Шри-Ланкада төпелеп жауған жаңбыр соңы алапат тасқынға ұласты. Соңғы мәліметке қарағанда, 12 адам қаза тапқан. Ел астанасы Коломбо мен Путталам қаласының көшелерінде талай көлік суға кетті.
Кейбір адамдар жаңбыр кезінде үйлерін лай басқанда опат болған. Елдің метеорологиялық департаменті хабарлағандай, жаңбыр екі күннен кейін ғана толастайтындықтан, халық әлі де абай болуы керек. Сонымен қатар, тұрғындарға жел тұрып, найзағай соғатыны да ескертіліп отыр.