Шри-Ланкада коменданттық сағат режимі кеңейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкада коменданттық сағат режимі кеңейтілді

13.05.2019

Шри-Ланкада коменданттық сағат режимі кеңейтіліп, Facebook, WhatsApp,  Instagram, YouTube тәрізді әлеуметтік желілерге уақытша тосқауыл қойылды. Өйткені, кейінгі кездері елдегі мешіттер мен мұсылмандардың кәсіпорындарына, үйлеріне, дүкендеріне шабуыл жиілеп кеткен.

Сонымен қатар, жергілікті мұсылмандар интернетте талай рет қауіпті ескерту алғандарына шағымданған. Осы оқиғаларға байланысты кешеден бері бір топ адам тұтқындалды. Буддистер оларды босатуды талап етіп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, сәуірдің 21-де бұл мемлекетте үш шіркеу мен төрт қонақ үйге жасалған шабуылдардан 250-ден астам адам қаза тапты. Ол жарылыстар үшін жауапкершілікті жиһадшыл қарулы топ өз мойнына алғаны белгілі.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу