Рейхстагқа алғаш ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі елордалық көрермендер назарына ұсынылды. Ұрпаққа үлгі болар батырдың өмірбаянымен қоса бойындағы өшпес рухты Ұлттық Ұлан ән-би ансамблі сахналады. Қойылымның басты мақсаты - патриоттық сезімді оятып, халық жадында батыр ерлігін жаңғыртып, бейнесін таныту.
Дәурен Серғазин, Қоюшы режиссер, актер:
Ұлттық Ұлан ансамблі жылдағыдай жоспар бойынша әртүрлі қалаларға барып концерт береді. Бұл спектальде сол жоспардың ішінде. Әртүрлі қалаларға барып, жұртышылыққа өз өнерін паш етеді деген ойдамыз.