«Қыз Жібек» спектаклі циркте қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қыз Жібек» спектаклі циркте қойылды

14.06.2022

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркінде «Қыз Жібек» театрландырылған қойылымы көпшілік назарына ұсынылды. Туындының авторы – режиссер Әлия Құдайбергенова. Спектальді тамашалауға Асанәлі Әшімов, Есмұхан Обаев сынды театр тарландары қатысты. «Қыз Жібекті» циркте қоюға өнерпаздар 3 ай дайындалған. Каскадерлер ерекше өнер көрсетіп, көрерменге естен кетпес кеш сыйлады.

Айта кетейік, биыл Қазақ мемлекеттік циркінің ашылғанына – 50 жыл.

Мақсат Жайықов, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры:
Жоғары баға алса, алдағы уақытта «Қыз Жібек» спектаклін әрі қарай қойып, гастрольге шығуды жоспарлап отырмыз

Авторы: Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу