Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны мың адамнан төмендеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны мың адамнан төмендеді

09.11.2021
0:00:00
0:00:00

Ұзақ уақыттан бері алғаш рет Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны мың адамнан төмендеді. Өткен тәулікте 950 тұрғыннан алынған ПТР сынамасы вирус бар деп көрсетті. Науқастар көп тіркелген аймақ қатарында Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Ал бүгіннен бастап, Ақмола облысы «қызылдан» «сары» аймаққа ауысты. Эпид ахуалды бағалау матрицасы бойынша 3 аймақ қауіпті өңір қатарында. Олар - Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды мен Ақмола облыстары «сары» аймақта. Өзге өңірлерде жағдай тұрақты, «жасыл» статусқа ие.


Хабарламаларға жазылу