Ауғанстан жұрты жер бетіндегі «тозаққа» беттеп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстан жұрты жер бетіндегі «тозаққа» беттеп барады

08.11.2021

Ауғанстан жұрты жер бетіндегі «тозаққа» беттеп барады. Қыс болса жақындап келеді, ал мұнда халықтың 95 пайызы жеткілікті тағаммен қамтылмаған. 23 миллиондай адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Мұны Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мәлімдеді. «Талибан» қозғалысы билікке келгелі халықаралық қауымдастық бөлетін көмек тоқтатылған. Батыс елдері болса, қыз балалардың білім алуына тыйым салып, шариғат заңдарын енгізіп жатқан тәліптер үкіметіне жәрдемдесуге ниет танытпай отыр.


Хабарламаларға жазылу