Ауғанстанда 23 миллион адамға ашаршылық қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда 23 миллион адамға ашаршылық қаупі төніп тұр

08.11.2021

Ауғанстан жұрты жер бетіндегі «тозаққа» беттеп барады. Қыс болса жақындап келеді, ал мұнда халықтың 95 пайызы жеткілікті тағаммен қамтылмаған. 23 миллиондай адамға ашаршылық қаупі төніп тұр. Мұны Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы мәлімдеді.

«Талибан» қозғалысы билікке келгелі халықаралық қауымдастық бөлетін көмек тоқтатылған. Батыс елдері болса, қыз балалардың білім алуына тыйым салып, шариғат заңдарын енгізіп жатқан тәліптер үкіметіне жәрдемдесуге ниет танытпай отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу