Ақтөбе облысына 558 млрд теңге инвестиция тартылды
Ақтөбе облысына 558 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл - республика бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Аймақ басшысы Оңдасын Оразалин жыл соңына дейін инвестиция көлемін 800 млрд теңгеге жеткіземіз дейді. Облыста кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 9 айда 2,5 мыңнан астам шағын, орта бизнес жобалары қолдау тапты. Бұл - өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Оңдасын Оразалин жыл басынан бері 14 млрд теңгеге 348 жол жөнделгенін де айтты. Ал жыл соңына дейін 450 шақырымнан астам жолды жөндеп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 66% жеткіземіз деп отыр.
Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:
Осыдан он жыл бұрынғы мәліметтерге сүйенсек, ол кезде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі небары 42% болған екен, ал 2019 жылы 56,5% құраған. Бүгінгі күні облыста жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 61% құрайды. Осы бағытта әлі де көптеген жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да «Таза бейсенбі» іс-шарасы өтті
26.03.2026, 13:21
Ақтау студенттері ЖИ дағдыларын меңгеріп жатыр
26.03.2026, 13:15
Биыл 200 кәсіпорын ашылады
26.03.2026, 13:12
Әлемде энергетикалық дағдарыс ушықты
26.03.2026, 13:09
Жаңадан 3 су электр станциясы салынады
26.03.2026, 13:06
Шетелде жүргендерден де алимент өндіріледі
26.03.2026, 13:03
Президент Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін марапаттады
26.03.2026, 13:00
Түркияда «Наурыз-Fest» фестивалі өтті
26.03.2026, 11:09