4 отандасымыз бокстан Әлем чемпионатының финалына өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 отандасымыз бокстан Әлем чемпионатының финалына өтті

05.11.2021

4 отандасымыз бокстан Әлем чемпионатының финалына өтті. Осылайша жаһандық доданың алтынына Теміртас Жүсіпов, Сәкен Бибосынов, Махмуд Сабырхан және Серік Теміржанов таласады. Ширек финалда Теміртас Жүсіпов болашағынан зор үміт күттірген Беларусь боксшысы Евгений Кармильчикты 5:0 есебімен жеңді. Махмуд Сабырхан да айласын асырып, 5:0 есебімен үндістандық қарсыласын тізе бүктірді.

Сәкен Бибосынов пен Серік Теміржановтар да жанкүйерлерінің көңілін марқайтты. Сәкен тай, ал Серік кубалық спортшыларды 4:1, 3:2 есебімен жеңіп шықты. Өкінішке қарай жартылай финалда бір боксшымыз жеңіліс тапты. Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов Жапониялыққа есе жіберді. Осылайша Қазақстан қоржынына алғашқы қола түсті.

Айта кетейік, финалдық жекпе-жектер бүгін және ертең өтеді. Отандастарымыз екі америкалық, екі таиландтық және Жапониядан келген спортшылармен бас жүлдені сарапқа салады.


Хабарламаларға жазылу