Бокстан Әлем чемпионаты: Теміртас Жүсіпов пен Махмуд Сабырхан финалда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бокстан Әлем чемпионаты: Теміртас Жүсіпов пен Махмуд Сабырхан финалда

04.11.2021

Сербия астанасында бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Cпортшыларымыз бүгін жарыс жолына шықты. Жартылай финалға 5 жерлесіміз өтті. Финалдың жолдаманың күндізгі сессиясында үш боксшымыз бақ сынады. Екеуі ерледі, өкінішке қарай үшіншісі жеңіліп қалды. Толығырақ келесі бейнематериалда.

Бокстан әлем чемпионатының жартылай финал шымылдығын Теміртас Жүсіпов түрді. Қайрат Сатжановтың шәкірті ең жеңіл салмақта белоруссиялық Евгений Кармильчикпен кездесті. Бірінші раунда барлық бес төреші қазақстандық спортшыға жоғары ұпай берді. Екінші раундта да қорғаныста мығым, шабуылда шапшаңдықпен ерекшеленген Теміртас басым түсті. Қорытынды есеп 5:0. Жеңіс Қазақстан қоржынында. Теміртас финалда тайландтық Вутичай Юрачаймен жұдырықтасады.

Теміртастың ізін ары қарай 54 келіде Махмуд Сабырхан жалғады. Үндістандық боксшы Акаш Кумармен кездескен отандасымыз 5:0 есебімен жеңді. Ол үш раунда да қарсыласын сан соқтырды. Үндістандық боксшының соққылары ауа осып, былғары қолғабын біздің спортшыға дәл тигізе алмады. Жерлесіміз енді финалда жапондық Томойо Цубоймен кездеседі.

Құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов өкінішке қарай жеңіліс тапты. 67 келіге дейінгі салмақта отандасымыз жапониялық Сивонрец Оказавамен қолғап түйістірді. Төрешілер жерлесіміздің қарсыласы мықты деп шешті. Енді финалдық жолдама үшін Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта таиландтық Танарат Саенгфетпен жекпе-жекке шығады. Ал 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Серік Теміржанов жартылай финалда кубалық Освей Кабалльеро Гарсиямен кездеседі. Тартысты дода елорда уақытымен 23:00-де басталады. Оны Qazsport  арнасынан көре аласыздар. Ал, әлем чемпионатының жалпы қорытындысы 7-ші қарашада белгілі болады.

Жұрағат Баман


Хабарламаларға жазылу