Алматыда карантин режимін бұзған 2800 тұрғынға айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда карантин режимін бұзған 2800 тұрғынға айыппұл салынды

04.11.2021

Алматылық эпидемиологтар инфекция жұқтырғандардың көбі - вакцина салдырмағандар деп отыр. Мәселен, бір апта ішінде коронавируспен ауырған 1033 науқастың 81%-ы егілмеген. Сондықтан алып шаһарда сенімді иммундық қабат қалыптастырып, тұрындардың 80 пайызын вакцинациялау қажет дейді қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов. Айтуынша, соңғы уақытта өзін-өзі оқшаулау режимін бұзғандар да індетті жиі таратып жатыр. Қоғамдық орындарда жүрген Алматының 2 800-ден астам тұрғынына «Ashyq»-тағы «қызыл» мәртебесі үшін айыппұл салынды. Үй карантиніндегі азаматтар көшеге шығып қана қоймай, сауда-ойын-сауық орталықтарына, кинотеатрларға, мейрамханаларға, тіпті, театрға кірмекші болған. Сондай-ақ ереже бұзғандар әуежайда да анықталған. Қазір қалада тексеріс күшейді.

Сәдуақас Байғабылов, қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Алматыда 7 қыркүйектен 2 қарашаға дейін қоғамдық көліктерге 414 тексеру жүргізілді. Маска режимін бұзғаны үшін 507 жолаушыға айыппұл салынды. Мониторингтік топтар жұмысы тоқтамайды. Қоғамдық көліктер, сондай-ақ, әуежай мен теміржол вокзалының аумағы қатаң тексеріледі.


Хабарламаларға жазылу