Еуропада коронавирус 5 апта қатарынан өсіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропада коронавирус 5 апта қатарынан өсіп жатыр

04.11.2021

Еуропа елдерінде 5-апта қатарынан коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейіп жатыр. Бұл мәлімет Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының апта сайынғы баяндамасында келтірілген. Құжатқа сай, осы аптада Еуропада вирусқа шалдығу фактілері 6 пайызға артқан. Ал өткен аптада бұл көрсеткіш 18 пайызға жеткен еді. Инфекция тәулігіне, әсіресе, Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде көптеп тіркеледі. Баяндаманың тағы бір дерегінше, апта сайын әлемде 3 миллионнан астам ковид жұқтыру оқиғасы анықталып отыр. 


Хабарламаларға жазылу