Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары көбейді

20.04.2021

Әлемде коронавирус жұқтыру оқиғалары сегіз апта қатарынан өсіп келеді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Өткен жұмада індетке шалдыққандар саны 5,2 миллионға артқан. Десе де ұйым алдағы айларда пандемияны толықтай бақылауға алуға болады деп отыр.

Үндістанда вирустың таралуы өршіп, инфекция күніне 200 мыңнан астам адамнан тіркеліп отыр. Тәуліктік қайтыс болғандар саны 1700-ден асты. Ел астанасы Нью-Дели карантинге жабылғандықтан, мыңдаған жұмысшы мигрант қаладан кетуге асығып, автобус бекеттеріне лап қойды. Шектеу шаралары алты күнге жалғасады. Бұдан бөлек талаптар 13 штатта да күшейтіліп жатыр. Жағдайдың ушығуына байланысты мамырдың 1-нен бастап 18-ден асқан барлық ересектерге екпе алуға рұқсат берілді.

Жансая Қапасқызы


Хабарламаларға жазылу