ДДСҰ Еуропада вакциналау науқанының баяу жүріп жатқанын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ Еуропада вакциналау науқанының баяу жүріп жатқанын сынға алды

02.04.2021

Еуропада вакциналау науқаны тым баяу жүріп жатыр. Аймақтағы эпидемиялық жағдай нашарлап, коронавирус жұқтырғандар саны өсіп келе жатыр. Егер Еуропа мемлекеттері мейлінше көп адамға екпе салуға күш салмаса, тағы да локдаун жариялауға тура келеді. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус ескертті. 

Гренландиядан Ресейдің Қиыр Шығысына дейінгі аралықтағы Еуропада 50-ден астам елдің көбінде ковид диагнозы қойылғандар көбейіп отыр. Соңғы аптада мұнда 1,6 миллион адамнан коронавирус табылып, 24 мыңға жуығы қайтыс болған. Осыған қарамастан, Еуропадағы 900 миллиондай адамның 10 пайызы ғана вакциналаудың бірінші кезеңінен өтті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу