Пәкістанда автобус сайға құлап, 22 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәкістанда автобус сайға құлап, 22 адам қаза тапты

03.11.2021

Пәкістанда жолаушылар автобусы терең сайға құлап, 22 адам қаза тапты. Бірнеше жолаушы жараланған. Полицияның мәліметінше, марқұмдардың саны өсуі мүмкін. Себебі жараланғандардың кейбіреуі мүшкіл халде. Жапа шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға Кашмирдің Пәкістанға қарасты бөлігінде болған. Әзірге, апатқа не себеп болғаны белгісіз. 

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу