Европада ковидтен кісі өлімі рекордтық деңгейге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Европада ковидтен кісі өлімі рекордтық деңгейге жетті

03.11.2021

Болгария мен Румынияда ковидтен қайтыс болғандардың саны рекордтық деңгейге жетті. Бір тәулікте Болгарияда 310, ал Румынияда 591 адам көз жұмған. Қайтыс болғандардың 95 пайызы екпе алмағандар. Эпидахуалдың нашарлауына халықтың вакцина салдыртпауы себеп дейді дәрігерлер. Қос елде халықтың тек 25-30 пайызы ғана толықтай екпе алған. «Бұл - денсаулық сақтау саласының ғана дағдарысы емес, ұлттық апат» деген үкімет басшысы тұрғындарды тезірек вакцина салдыруға шақырды.

Польшада да вакциналау қарқыны бәсеңдеген соң, үкімет жылжымалы екпе орталықтарын елдегі зираттардың жанына қойған. Ата-ана, туған-туыстарының бейітін тазалауға, зиярат етуге келгендер сол жерде вакцина алуда.

Ханна Мирослава, Варшава қаласының тұрғыны:

Бұл - өте жақсы идея. Мен студентпін, жап-жас боп, індеттің құрығына ілінгім келмейді. Бәріміз екпе салдыртпасақ болмайды.

Зузанна Вуйчик, Варшава қаласының тұрғыны:

Екпе автобустарын осы жерге қойғанын қолдаймын. Зират адамды өмір, өлім, пандемия туралы ойлануға түрткі болады. Мен бүгін осы жерден екінші дозаны салдырттым.

 

Хабарламаларға жазылу