Оңтүстік Кореяда «COVID-19-бен бірге өмір сүру» стратегиясы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда «COVID-19-бен бірге өмір сүру» стратегиясы қабылданды

03.11.2021

Оңтүстік Кореяда «COVID-19-бен бірге өмір сүру» стратегиясы қабылданып, карантин жеңілдетіліп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, дәмханалар мен қоғамдық тамақтану орындарына, өзге де кәсіпорындарға қатысты коменданттық сағат режимі тоқтатылды. Бұған қоса мемлекет астанасы Сеулде бір жерге 10 адамға дейін жиналуға рұқсат беріліп отыр. Ал концерттер мен мюзиклдарға 100 адамға дейін кіре алады.

Тренажерлік залдарға қатысты шектеулер де азайтылды. Оңтүстік Кореяда бүгінге дейін халықтың 75 пайызы толық вакциналанған. Ендігі мақсат – шектеулерді бірте-бірте алып тастап, экономиканың қайта жандануына жол ашу. Мұнда пандемияның төртінші толқыны шілдеде басталды. Сол тұста үкімет бір жерге жиналуға тыйым салып, әлеуметтік алшақтық ережелерін қатаңдатқан еді.


Хабарламаларға жазылу