Күн райына байланысты ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күн райына байланысты ескерту жарияланды

03.11.2021

Бүгін елдіміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деген болжам бар. Синоптиктер тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін екенін ескертті. Солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ал оңтүстік аймақтарда қалың қар түседі деген болжам бар. Сол себепті Төтенше жағдайлар қызметі жүргізушілерден көліктерін көшеде қалдырмай, автотұраққа қою керек екенін ескертеді. Мұнан бөлек темір тұлпарларды жарық желісі тартылған орындардан аулақ қою керек екенін де еске салады. Синоптиктердің болжамына сай тек елдің батысында ғана антициклон ықпалымен күн райы ашық болады.


Хабарламаларға жазылу