Путин америкалық кемелердің қара теңізге енуіне алаңдаушылық білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин америкалық кемелердің қара теңізге енуіне алаңдаушылық білдірді

02.11.2021

Ресей НАТО-ның әрекетіне қарап өзінің қорғанысын күшейтуі керек. Мұны президент Владимир Путин Сочиде әскерилермен өткен кездесуде мәлімдеді. «Біз тіпті АҚШ-тың Қара теңізге енген соғыс кемелерін дүрбімен көретін, болдық», - дейді Кремль басшысы.

Ресей Шығыс Еуропада АҚШ пен НАТО күштерінің көбеюін өзіне төнген қауіп деп есептейді. Алайда, Батыс бұл аймақтағы теңіз, әуе және құрлық әскерлерін 2014 жылы Мәскеу Қырымды аннексиялап, Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдағаннан кейін нығайтуға кіріскені белгілі.


Хабарламаларға жазылу