Қара теңіздің үстінде Ресейлік ұшақ америкалық дронды соқты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара теңіздің үстінде Ресейлік ұшақ америкалық дронды соқты

15.03.2023

Қара теңіздің үстінде Ресейлік ұшақ америкалық дронды соқты. Соның салдарынан АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағы суға құлаған. Осылайша Украинада әлемнің екі ядролық державасының қақтығысу қаупі туындап отыр. Вашингтон Мәскеуді «халықаралық заңды өрескел бұзды» деп айыптайды. Ресей болса, қарсы жақты арандатушылыққа барды деп кінәлады. Құрама Штаттардың ресми өкілдерінің сөзіне сенсек, дрон халықаралық әуе кеңістігінде ұшып жүргенде, оны ресейлік екі ұшақ тоқтатуға тырысқан. Мұны жоққа шығарған Кремль америкалық ұшқышсыз аппараттың Қырым маңында күрт маневр жасап, теңізге құлағанын мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу