Әскери кемелер теңізге шығуға әзір тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери кемелер теңізге шығуға әзір тұр

26.02.2016
Әскери кемелер  теңізге  шығуға әзір  тұр
Әскери кемелер  теңізге  шығуға әзір  тұр

Қазақстан Қарулы күштері Әскери теңіз күштерінің 21814 әскери бөлімінде түрлі кемелер теңізге шығуға әзір тұр. К-1 деп аталатын тапсырма нәтижесінде 16-26 ақпан аралығында түрлі әскери кемелер ұрысқа әзір халге келтірілді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әскери кемелер  теңізге  шығуға әзір  тұр
К-1 арнайы тапсырмасы үш міндетті орындауы керек. Олар кемелердің әзірлігін күнделікті даярлығын қамтамасыз ету, әскери даярлықты пысықтау және сапарға шығуға әзірлеуді қамтиды. Жыл сайын Әскери теңіз күштерінде түрлі кемелердің қатсуымен осындай жаттығулар өтіп тұрады. Кемелердің сүңгуір қайықтарға қарсы қимылдарын ұйымдастыру, диверсиялық және сүңгуір қайықтардың шабуылдарына қарсы құралдарды әзірлеу, радикациялық, химиялық және биологиялық қорғанысты қамтамасыз ету, кеменің ұрыс жағдайында туындауы мүмкін қатерлерге қарсы төзімділігін арттыру, барлау жасау, радиоэлектронды күресті жүргізу тәсілдері үнемі пысықтау маңызды саналады.

К-1 тапсырмасын орындауға «Сарыарқа», «Орал», «Қазақстан» зымырандық-артиллериялық кемелері мен «Жайық» гидрографиялық қайығы қатысты.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу