Экс-министр Темірхан Досмұхамбетов дүниеден өтті
Елбасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Темірхан Досмұхамбетовтің өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Темірхан Мыңайдарұлы саналы ғұмырын ел игілігі жолында қызмет етуге арнап, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына зор үлес қосқан тұлға еді. Ол бірқатар жоғары лауазымдарда абыройлы жұмыс атқарып, туризм және спорт, заң шығару салаларының дамуына, елордамыздың көркеюіне бар қажыр-қайратын жұмсады. Кейіннен кәсіпкерлікпен айналысып, ауыл шаруашылығының өркендеуіне атсалысты. Білікті басшы, пайым-парасаты биік азамат ретінде әрдайым еселі еңбек етіп, көпшіліктің ізет-ілтипаты мен құрметіне бөленді», – делінген Елбасының жеделхатында.
Нұрсұлтан Назарбаев Темірхан Мыңайдарұлының жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде қазақ мәдениетінің күндері өтті
29.06.2026, 17:27
БАҚ қызметкерлеріне баспана берді
29.06.2026, 17:25
Павлодарда Эко-movie экологиялық шарасы өтті
29.06.2026, 17:22
Apple өнімдері қымбаттады
29.06.2026, 17:21
Астанада жас зерттеушілерге арналған жаңа жоба басталды
29.06.2026, 17:19
Ел жаңалықтарына шолу
29.06.2026, 17:17
Қызылорда облысында теміржол вокзалдары жаңартылды
29.06.2026, 17:16
Қазақстан онкологиялық ауруларды емдеуде жетекші елдер қатарына қосылуы мүмкін
29.06.2026, 17:11