Шығыс Қазақстанда күн электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр
Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданында күн электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Өткен жылы басталған жоба жыл соңына дейін аяқталмақ. Қазір жұмыстың 80 пайызы атқарылды. Қысы жазы жел тоқтаусыз соғатын Жалғызтөбе жеріне жалпы саны 17 турбина орнатылмақ. Станция қуаты бүтіндей бір ауданды тоқпен қамтуға қауқарлы. Әзірге мамандар өндірілген энергияны орталықтандырылған электр жүйесіне қосуды жоспарлап отыр. Ұлттық жоба аясында атқарылып отырған ірі құрылыс нәтижесінде энергия тапшылығы азайып, оны өндіруде де шығын қысқармақ. Оның экономикалық және экологиялық тиімділігі өте жоғары. Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан нысан іске қосылғанда 70-тен астам адам жұмыспен қамтылмақ.
Виктор Жулин, Энергетик:
Қазақстанда бұл алғашқы станция емес. Бұдан да қуаттыларын салдық. Елімізде қазір баламалы энергия өндіруде тәжірибе бар. Европада жылдар бойы сынақтан өткен сенімді генераторларды орнатып жатырмыз. Алда өзге өңірлерде осы сынды станциялар құру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан ЖИ бойынша жаһандық комиссияға мүше болды
08.07.2026, 20:12
Конституциялық Соттың түсіндірмесі нормативтік құқықтық сипатқа ие
08.07.2026, 20:12
Ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды
08.07.2026, 20:11
Конституциялық Соттың түсіндірмесі құқықтық талаптарды нақтылайды
08.07.2026, 20:11
Құрылтай сайлауы: Конституциялық негіздер және саяси трансформация
08.07.2026, 20:08
Алматыда жастар жобаларына 5 млн теңгеге дейін қолдау көрсетіледі
08.07.2026, 20:08
Сайлаушыларды тізімге енгізу қалай жүргізіледі?
08.07.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
08.07.2026, 20:05