Елордада 358 тұрғын Ashyq талаптарын орындамаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 358 тұрғын Ashyq талаптарын орындамаған

01.11.2021

Елордада 300-ден аса тұрғын Ashyq талаптарын орындамаған. Қалада 18 жасқа толса да, құжаттарын рәсімдемеген 140 жеткіншек анықталды. Жеке куәліктері болмағандықтан олардың коронавирусқа қатысты мәртебесін анықтау мүмкін болмай отыр. Сондай-ақ, 104 адамның жеке басын куәләндіратын құжаттары 1974 жылы рәсімделген. Аталаған тұрғындардың барлығы да ел азаматтары. Бұл жөнінде қалалық полиция қызметкерлері хабарлады.

Айта өтейік, ішкі істер министрлігі республика көлемінде мәртебесі анықталмаған азаматтарды анықтау бойынша кең ауқымды науқанды бастады. Шара келер жылдың мамырына дейін жалғасады. Жауапты мамандар бұл мәселеде салғырттық танытпау керек дейді. Полиция бөлімшелеріне немесе үкіметтік емес ұйымдарына барып, тегін кеңес алуға болатынын ескертеді.


Хабарламаларға жазылу