Елордамен қатар тағы төрт өңірде дауылды ескерту жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордамен қатар тағы төрт өңірде дауылды ескерту жарияланды

01.11.2021

Бүгін Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның тағы төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидрометтің» хабарлауынша елордада түнде және таңғы уақытта тұман түседі. Күндіз желдің жылдамдығы 15/20 метр секундқа жетеді. Ал Қазақстанның солтүстігіндегі  бірқатар өңірде жаңбыр аралас қар жауады. Аймақтың кей жерінде тұман түсіп, қатты жел соғып, көктайғақ болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы күрт өзгереді. Жолда көктайғақ болып, қатты жел соғады. Батыс Қазақстан облысында түн мен таңғы уақытта тұман басады. Ал Павлодарда ауа райының құбылуынан жолдар көк мұзға айналады. Жылдамдығы 15/20 метр секундқа жететін жел соғуы мүмкін.


Хабарламаларға жазылу