Семейде 14 студент бұрыш балонынан уланып қалды
Семейде колледж студентінің тәртіпсіздігінен 14 адам зардап шекті. Қаладағы Электротехникалық колледж жатақханасында студенттердің бірі бұрыш балонын сепкен. Салдарынан тынысы тарылып, көздері ашыған студенттер жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, 8 студент жансақтау бөлімінен бірақ шыққан.
Аэрозольді шашқан 4 курс студенті екені анықталды. Оның әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қазір оған қатысты «тәртіпсіздік» бабы бойынша іс қозғалды. Бұзақы оқудан шығарылуы мүмкін.
Сондай-ақ, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен тағы бірнеше қызметкерге сөгіс жарияланбақ. Дәрігер көмегіне жүгінген 14 студент ауруханадан шықты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07