Елордадағы базар маңында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Елордада базар маңында екі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше түсте болған. «Kia» көлігін мінген 22 жастағы азамат Уәлиханов көшесінде қарсы бетке шығып кетіп, жолдан өтіп бара жатқан екі жүргіншіні соққан. Одан әрі қарама қарсы келе жатқан «LADA» көлігіне соғылған.
Апат салдарынан 60 жастағы жаяу жүргінші ауыр жарақат алып, сол жерде көз жұмған. Ал екінші жүргінші мен көлікте болған екі жолаушы ауруханаға жеткізіліп, дәрігер қарауынан соң үйіне жіберілген. Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерге барынша сақ болып, жол көлік ережесін қатаң сақтауды ескертеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07