Австралияда алапат дауыл соғып, жүздеген мың адам жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияда алапат дауыл соғып, жүздеген мың адам жарықсыз қалды

29.10.2021

Австралияның Виктория және Оңтүстік Австралия штаттарында екі күн бойы алапат дауыл соғып, жүздеген мың үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар, мектептер жабылып, теміржолда пойыздар тоқтаған. Сұрапыл жел мен жауын аралас циклонның жылдамдығы сағатына 143 шақырымға жетті. Оның екпінінен үйлердің шатыры жұлынып, ағаштар құлап жатыр. Және де аймақта жарты миллион мәрте найзағай жарқылады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, дауылдан екі штатқа 100 миллиондай доллар шығын келген. Дегенмен қаза тапқан адамдар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.


Хабарламаларға жазылу