Австралияда алапат дауыл соғып, жүздеген мың адам жарықсыз қалды
Австралияның Виктория және Оңтүстік Австралия штаттарында екі күн бойы алапат дауыл соғып, жүздеген мың үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар, мектептер жабылып, теміржолда пойыздар тоқтаған. Сұрапыл жел мен жауын аралас циклонның жылдамдығы сағатына 143 шақырымға жетті. Оның екпінінен үйлердің шатыры жұлынып, ағаштар құлап жатыр. Және де аймақта жарты миллион мәрте найзағай жарқылады. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, дауылдан екі штатқа 100 миллиондай доллар шығын келген. Дегенмен қаза тапқан адамдар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07