Елбасы Абу-Дабидің тақ мұрагерімен кездесті
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында инвестициялық қарым-қатынас артады. 6 миллиард доллардан асатын жобаларды дамыту үшін жақында ұзақ мерзімді құжатқа қол қойылған. Стратегиялық әріптестік одан әрі де жандана түспек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктерінің Қарулы күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті. Тараптар елдер арасындағы дәстүрлі достық қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына жоғары баға берді. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12