Павлодарда топырақтың үстіне асфальт төселген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда топырақтың үстіне асфальт төселген

29.10.2021
Павлодарда топырақтың үстіне асфальт төселген

Павлодарда жол жөндеушілер асфальт жамылғысын кәдімгі шөп өсіп тұрған топырақтың үстіне төсей салған. Аумағы - 1 шақырым. Осылайша Железинка ауданы Алакөл ауылының орталық көшесі бір апта өтпей жатып ойдым-ойдым шұңқырға айналған. Мұны халықтық бақылау тобымен бірлесіп өткізген рейд барысында Ұлттық жол сапасы активтері орталығының мамандары анықтады.

Оған дейін ауыл әкімі де, аудан басшылығы да тұрғындар шағымын ескермеген. Тіпті асфальт салу жұмыстары тек түнгі уақытта жүргізілгеніне селт етпеген. Енді жөндеуге бөлінген 24 млн теңгеге жуық қаржыны мердігерге аударған жоқпыз деп ақталуда.

Ваге Агабекян, мердігер компания өкілі:

Сапасыз жасалған жері анықталды. Біз оны жөндейміз. Негізі асфальт жамылғысын басынан аяғынан дейін қайта төсейміз деп шештік. Кейбір аумақтарына қиыршық тас пен битум жетпей қалғандықтан осылай болды.


Хабарламаларға жазылу