Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны алғаш рет 40 мыңнан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны алғаш рет 40 мыңнан асты

28.10.2021

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандардың саны алғаш рет 40 мыңнан асты. Індетпен күрес бойынша шұғыл штабтың мәліметінше, өткен тәулікте 1159 адам инфекциядан қайтыс болған. Бұл - өлім-жітім бойынша рекордтық көрсеткіш. Жалпы, пандемия басталғалы Ресейде ковидтен 400 мыңнан астам адам жантәсілім еткен. Билік коронавирустың өршуін елде вакциналау деңгейінің баяулауымен байланыстырады.

Ал, Украинада коронавирустың өршуіне қарамастан, жалған вакцина куәліктерін жасау фактілері көп тіркеліп жатыр. Құқық қорғаушылар осымен байланысты 800 қылмыстық іс қозғаған. Заңсыздыққа жол бермеу үшін елде жалған екпе құжатын сатып алғандармен бірге мұндай куәліктерді сатушылар да жазаланады. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу