Әлемдегі эпидахуал: Оңтүстік Корея мен Францияда рекордтық көрсеткіш орнады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі эпидахуал: Оңтүстік Корея мен Францияда рекордтық көрсеткіш орнады

26.01.2022

Бұл – пандемия басталғалы бері рекордтық көрсеткіш. Бұдан 1 күн бұрын вирус 8 000 адамнан анықталған еді. Елде «омикрон» өршіп тұр. Денсаулық сақтау мамандарының мәліметінше, алдағы күндері ковидке шалдыққан науқастардың 90 пайызынан осы штамм табылуы мүмкін. Елде әлеуметтік арақашықтықты сақтау ережелерінің қатаңдатылуына қарамастан, вирустың таралуын тоқтату мүмкін болмай тұр.

Францияда коронавирус жұқтырғандар саны алғаш рет 500 мыңнан асты

Францияда да пандемия басталғалы бері антирекорд орнады. Соңғы 24 сағатта коронавирус 500 000-нан астам адамнан табылған. Бұған қоса, ауруханаға түскен науқастардың саны сәуірден бері алғаш рет 30 000-нан асты. Ал үкімет ақпаннан бастап шектеу шараларын жеңілдетуге дайындалып жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу