Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды

05.11.2018

ЭКСПО аумағында өтіп жатқан ауқымды іс-шараға ІТ саласындағы әлемнің озық ойлы мамандары жиылған. «Digital Bridge» – Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға. Қатысушылар форумның диалог алаңында цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және бизнес-модельдермен бөлісуде.

«Digital Bridge» форумы цифрлық трансформация, электрондық үкімет, технологиялық кәсіпкерлік және 4-ші өнеркәсіптік революция идеяларын ілгерілетуге арналған Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы диалогтік алаңды құрайтын жыл сайынғы іс-шара болады деп көзделуде. Форумның ашылу салтанатында министр сөйледі.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі:

- Бүгінгі форумға әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары мен ұйымдарының 200 жетекшісі, ондаған инвестор мен түрлі стартап-жоба авторлары келіп отыр. Осылайша, алға қойған мақсатымыздың жүзеге асуына даңғыл жол ашылды. Өйткені, жобаның басты миссиясы - тың идеялардан қуат алып, өзара тәжіребие алмасу, Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпір орнату.

 

 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу