Қазақстан Орталық Азияда IT саласында негізгі хаб бола алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Орталық Азияда IT саласында негізгі хаб бола алады

13.10.2023

Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» халықаралық форумы аясында Цифрлық даму министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы цифрлық технология саласында бірігіп жұмыс істеу мақсатында ортақ мәлімдемеге қол қойды. Құжат Орталық Азиядағы цифрлық саланы дамытуға, инновациялар және білім алмасудағы ынтымақтастықы күшейтуге бағытталған.

Сухроб Ходжиматов, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары:
Біз Қазақстанның Орталық Азияда цифрлық технология саласын дамытуда негізгі хаб болатынына күмәніміз жоқ. Себебі, Қазақстанда сандық технологиядағы үздік жобалар мен мықты бағдарламар бар. Бұл шыныменде қызығарлық дүние. Біз меморандум арқылы осы тұрғыда нақты шешімдерді бірігіп жасауда, Қазақстанның көшбасшы және сенімді серіктес бола алатынына сенеміз.
Сондай-ақ, халықаралық шара аясында өтіп жатқан пленарлық сессияда шетелдік сарапшылар жасанды интеллект пен инновация тақырыбына ерекше назар аударды. Олардың пікірінше, сандық технология барлық салаға керек.

Ақмаржан Ғафизқызы

Хабарламаларға жазылу