Түркістан облысында 200-ден астам заңсыз қоқыс алаңы бар
Түркістан облысында екі жүзден астам заңсыз қоқыс алаңы бар екені анықталған. Солардың бірі - Түркістан қаласындағы «Бірлік» шағын ауданының аумағында. Бірнеше гектар алқап соңғы жиырма жыл ішінде қоқыс алаңына айналған. Малдың өлексесі мен бей-берекет тасталған қоқыстың жағымсыз иісі қолқаны қабады дейді жергілікті халық.
Мұхтар Сапаев, Түркістан қаласының тұрғыны:
Мына жерден адам өте алмайды, мына үйде тұрамын. Адам шыдай алмайды, сасып кетеді. бәрін әкеп тастайды. Мына жерді көршілер ақша жинап тазалатамыз. Әкімшілікке айтамыз, 5-6 адам келеді, тазалағандай болады. Бір күн сырдырып тастаймыз деді, әлі ештеңе істеген жоқ.
Қала әкімдігі бұл мәселемен таныс болып шықты. Жауапты мамандардың айтуынша, рұқсат етілмеген қоқыс алаңын бірнеше мәрте тазалап, заң бұзушыларға айыппұл салынғанымен нәтиже болмаған. Енді сол жаққа баратын жолдарды тарктормен қазып, бетон қоршаулар орнатпақ.
Ерсейіт Бұхарбаев, қалалық Инфрақұрылым және байланыс бөлімінің басшысы:
Біз бірнеше мәрте тазалау жұмыстарын жүргізгенбіз. Бетіне топырақ сеуіп, жаптық. Бірақ заңсыз қоқыс тастау жұмыстары әлі жалғасуда. Полиция басқармасымен бірлесіп, экология департаментімен бірлесіп, штраф салу жұмыстарын атқарамыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15