Кіші Талдыкөл сақталып қалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кіші Талдыкөл сақталып қалады

26.10.2021

Кіші Талдыкөл сақталып қалады. Бүгін баспасөз алаңында журналистер сұрағына жауап берген экология, геология және табиғи ресурстар министрінің өкілдері осылай деді.

Мамандардың сөзінше, көл табиғи түрде құрғап бара жатыр. Тіпті уақыт өте тұтастай жойылып кету қаупі бар. Сондықтан көлді қосымша сумен толықтыру жұмыстары жүргізілмек. Ал айналасын қайта қалпына келтіріледі. Осылайша аққулардың құтты мекені болашақта үлкен демалыс аймағына айналмақ.

Ахметжан Пірімқұлов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі:

Жердің астынан шығып жатқан су жоқ. Жыл сайын судың көлемін азайып бара жатыр. Бүгінгі күні біздің ең басты мақсат - 600 гектар кеуіп кеткенше, одан да қалған бөлігін сақтап қалып, айналасын адамдар демалатын орынға айналдыру.

Сондай-ақ, министр Президент бекіткен ұлттық жобамен таныстырды. «Жасыл Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы 60 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Ұлттық жоба «Таза Қазақстан», «Үнемді Қазақстан», «Табиғат» және «Экология болашағы» сияқты 4 бағыттан тұрады.

Мәселен, «Таза Қазақстан» аясында ауаның ластануы жоғары 10 қалада 5 жыл ішінде 16 ірі өнеркәсіп қалдықтарын 20%-ға қысқарту болжанып отыр. «Үнемді Қазақстан» жобасы аясында 401 арнаны қайта жаңарту көзделген. 212 арнаны цифрландыру есебінен суару су шығынын 4 кмкубқа азайтады.

«Табиғат» бағдарламасы аясында жаңа қорықтар құрып, аңдар мен орман жануарларының санын көбейту жоспарланып отыр. Төртінші бағыт экологиялық сауаттылықты арттыруды көздейді.


Кіші Талдыкөл экология

Хабарламаларға жазылу