Атырауда балықшылар белгіленген жоспарды игере алмай жатыр
Атыраулық балықшылар тығырыққа тірелді. Олар белгіленген 30 мың тонналық лимитті игере алмай жатыр. Әзірге ауланған балықтың көлемі 8 мың тоннадан әрі аспайды.
17 кооператив бекітілген жоспарды шілдеге дейін орындауы тиіс. Жайықтың құрғауы мен теңіздің тартылуы мәселені одан бетер ушықтырып тұр. Келер жылы су деңгейі көтерілмесе, сыртқы сауда түгілі ішкі нарық өніммен қамтылмай қалуы мүмкін. Қыркүйектен бастап құрма ауға тыйым салынып, теңіздегі балықты «вентерь» деп аталатын құралмен аулау міндеттелген еді.
Ғаббас Мұратов, балықшы:
30 келі балықтың шамасы 250 метр ауға шығып тұр. Ол кәсіп болмайды. Күнде жағдай - осы.
Амангелді Ахтанов, «Дамбы балық қорғау» инспекциясының бас маманы:
Солтүстіктен соққан желдің бағытынан Жайықта да, теңізде де су деңгейі төмендеді. Осы жерден теңізге қарай қайықтарға шығуға мүмкіндік жоқ, үлкен кеме де, кішкентай қайықтар да шыға алмай тұр. Жайық өзенінде балық нашар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15