Мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электрондық форматта көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметтің 90 пайызы электрондық форматта көрсетіледі

25.10.2021

Елімізде автокөлікті онлайн форматта тіркеу немесе қайта тіркеуден өткізетіндер саны көбейіп келеді. Жыл басында бұл көрсеткіш 5 пайыз болса, күзде 36 процентке жеткен. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Жалпы, қазір Қазақстанда мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтерді тек eGov порталында және халыққа қызмет көрсету орталығында ғана емес, басқа арналар мен платформалар арқылы да алуы үшін шара қабылданып жатыр.

Халық смартфондағы мобильді платформаланы да кеңінен пайдалана бастады. Бұның бәрі артық кедергілер мен қағазбастылықты болдырмау үшін жасалуда. Қазіргі уақытта «Цифрлық құжаттар» сервисін 5 миллионнан астам қазақстандық пайдаланады.


Мемлекеттік қызмет автокөлік

Хабарламаларға жазылу