Өзбекстандағы Президент сайлауына екі күн қалды
Өзбекстандағы сайлау-түркі халықтарының бірлігі мен саяси тұрақтылығын нығайтуға ықпал етпек. Бұл туралы бүгін ОСК өкілдерімен кездескен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Коджман айтты. Оның сөзінше, түбі бір түркілердің тілі мен діні, тұрмысы мен экономикасы, мәдениеті мен әдебиеті бір біріне ұқсас. Сол себепті, ондағы оң өзгерістер өзара ынтымақты арттыра түссері сөзсіз.
Омер Кожман, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары:Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан дос, бауырлас елдер. Сондықтан бұл елдердің әр қайсысында болатын оқиғалар бәріміз үшін маңызды. Ол біздің күшімізді біріктіреді.
Ерік Әшімов, ШОС бас хатшысының орынбасары:Өзбекстан мен Тәжікстан Ауғанстанмен тікелей шекараласады. Жағдайларды білесіздер. Орта Азия елдері үшін басты-мәселе өңірлік қауіпсіздік. Оған ауызбірлікпен, бірге күресумен ғана жетеміз.
Айта өтейік, бүгін түнгі 12.00-де Президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Ертең үнсіздік күні. Ал, жексенбі яғни, қазанның 24-де Өзбекстан халқы алтыншы мәрте ел Президентін сайлайды. Айтпақшы, 421 618 адам алдын-ала дауыс беріп, өз таңдауын жасаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауы саяси партиялардың рөлін күшейтеді
18.08.2026, 20:28
Димаш әлемдік турының концепциясын таныстырды
18.08.2026, 20:17
Жетісу облысында 1 тоннадан астам қалдық шығарылды
18.08.2026, 20:15
Заңгер: Білім мен ғылымға қаржыландыруды арттыру маңызды
18.08.2026, 20:13
Абай облысында ауылға қоныс аударғандар саны артты
18.08.2026, 20:12
Құрылтай-2026: Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
18.08.2026, 20:10
Қостанай облысындағы аудан орталығында жаңа шағынаудан салынып жатыр
18.08.2026, 20:10
Үй маңындағы автотұрақты тегін пайдалануға болады
18.08.2026, 20:07