ҚХА кеңейтілген кеңесінде өзекті мәселелер талқыланды
Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында қоғам талабына сай өзекті мәселелер талқыланды. Алға қойылған жоспарлар да ауқымды әрі қажет. Президент төрағалымен өткен жиын барысы туралы депутаттар да ойларын ортаға салды.
Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:Мәдени диалог. Яғни халық арасындағы мәдени алмасу, рухани жаңғыру жолына байланысты біраз жақсы ұсыныстар айтылды. Оның ішінде Григорий Потанинді жақсы мысалға келтірді. Көптеген өзге ұлт өкілдерінің қазақ мәдениетіне қосқан үлесін атап айтты. Осы азаматтардың есімін ұмытпау керегін де айтты.
Юрий Ли, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:Біздің балаларымызға қатысты кибербуллинг мәселесі де өзекті. Тіпті нашақорлықты насихаттайтын жарнамалар да кетіп жатады. Оның бәрін көріп отырмыз. Жастар арасындағы жұмыссыздық та осыдан басталады. Осы тараптан аналар кеңесі әлеуметтік мәселелерге барынша ат салысып келеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтар, достық үйлері этнос аралық қатынасты сақтауда үлкен рөл атқарып келеді. Бүгінгі жиындағы алға қойылған мақсаттар да өте өзекті деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Спортингтен» жеңілді
19.09.2025, 10:28

«Әмеңгер» фильмі көрерменге жол тартты
19.09.2025, 10:25
Ақтауда «Мейірімді түркі әлемі» халықаралық фестивалі өтіп жатыр
19.09.2025, 10:22
Ауғанстанның солтүстігінде интернетке тыйым салынды
19.09.2025, 10:21
АҚШ БҰҰ-ның Газадағы соғысты тоқтату туралы қарарына вето жариялады
19.09.2025, 10:19
Қазақстан туристер үшін танымал елге айналуда
19.09.2025, 10:17
Жолдау реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді
19.09.2025, 10:15
Цифрландыру арқылы апаттың алдын алуға болады
19.09.2025, 10:14