Өскеменде қайтыс болған жүкті әйелдің туыстары дәрігерлерді кінәлап отыр
Өскеменде үшінші баласын босануға перзентханаға өз аяғымен барған Айжан Мержақыпова жансақтау бөлімінде құрсақтағы шаранасымен бірге қайтыс болды. Қайғылы жағдай қаладағы Ана мен бала орталығында болған. Туыстарының айтуынша, дәрігерлер дер кезінде кесір тілігін жасамаған. Бала іште тұншығып, жүрегі тоқтап қалған.
Қанат Мержақыпов, жолдасы:Қабір басына жерлеп болғаннан кейін ант бердім. Ол анттан мен қайтпаймын. Соңына дейін барамын.
Қара жамылған отбасы Айжан Мержақыпованың қазасына тікелей облыстық аурухананың дәрігерлері кінәлі деп отыр. Айтуларынша, ақ халаттылар жүкті әйелдің қалын да сұрамаған. Марқұмның соңында қызы мен ұлы қалды. Енді туыстары медицина қызметкерлерінің жауапқа тартылған қалайды.
Марат Көксегенов, Өскемен қаласының бас акушер-гинекологы:Сот-медициналық сараптаманың қорытындысынан кейін комиссия құрылады. Барлық сұрақтарға ресми комиссия жауап береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар жаңа технологияларды меңгеріп жатыр
02.11.2026, 20:30
«Іле-Балқаш» табиғи резерватына Амур жолбарысы жіберілді
02.11.2026, 20:24
Астанада Президент Жолдауындағы негізгі міндеттерді жүзеге асыру жолдары талқыланды
02.11.2026, 20:23
Ғалымдар: Тянь-Шань мұздықтары жылдам еріп жатыр
02.11.2026, 20:22
Енді «Қазпошта» әлемдік ірі маркетплейстердегі тауарларды жеткізеді
02.11.2026, 20:20
Жолдау-2026: Түсіндірме тобы іске кірісті
02.11.2026, 20:16
Флорида штатында ұшақ құлады
02.11.2026, 20:15
«Халықтық құрылыс»: Бөлінген қаражат қатаң бақылауға алынады
02.11.2026, 20:15