Жазира Аяғанның жеке көрмесі ашылды
«Тұмар». Осындай атаумен Алматыда суретші Жазира Аяғанның алғашқы жеке көрмесі ашылды. Игі шараға бейнелеу өнерінің жанашырлары - белгілі тұлғалар мен суретшілер қатысты. Тылсым өнердің сырына үңіліп, суретші шеберлігіне таңдай қағысты. Өйткені, бұл көрме өзгелерден ерек. Мұнда бейнелеу өнерінің байырғы түрі - мандал техникасы қолданылған. Алуан түстегі бояу иірімдері автор ойымен үндесіп, көрерменді шексіз қиял әлеміне жетелейді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Автор өзінің бұл көрмеге дайындығын өмірінің сәулелі шағы деп есептейді. Сондықтан Жазира осы кезеңді «Отыз құлаш бақытты жібек» деп атады. Өйткені, көрмеге қойылған барлық 27 жұмыс суық батик үлгісінде салынған.
Жазира Аяған, суретші:
Мандал - көрерменді шексіз шеңберлер мен түрлі бедерлер арқылы тылсым кеңістікке жетелейді. Бұл техникамен салынған әр жұмыс адамға сабырлық, қуаныш, қуат сыйлайды. Бастысы - өз-өзіңмен тілдесуге, келешегіңді көруге жол ашатын тұмар іспетті.
Жазира ИСАЕВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тұңғыш басылым – «Қазақстан» газетіне арналған көрме ашылды
18.03.2026, 10:43
500-ден астам домбырашы күй тартты
18.03.2026, 10:41
Наурызнама: 18 наурыз - Ұлттық киім күні
18.03.2026, 10:38
Тегеран Лариджанидің қазасын растады
18.03.2026, 10:37
Трамп одақтас елдерді сынға алды
18.03.2026, 10:35
RES 2026: Су инфрақұрылымына инвестиция тарту тетіктері талқыланбақ
18.03.2026, 10:30
Шығыс Қазақстанда су тасқынына қарсы арнайы штаб құрылды
18.03.2026, 10:28
Үкімет отырысы басталды: Жаңа Конституциясының нормаларын жүзеге асыру
18.03.2026, 10:25