СҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды

21.10.2021

Солтүстік Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды. Бұған дейін шенеуніктің Петропавлдағы емдеу мекемелерінің бірінің директорынан 1 мың АҚШ доллары көлемінде пара алғаны туралы ақпарат тараған болатын. 59 жастағы Қабдрахман Сақтағанов бұл қызметке өткен жылы ғана кіріскен еді.

Нұрлан Жахин, СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі басшысының бірінші орынбасары:

Спорт басқармасы және денсаулық басқармасы басшыларына қатысты қылмыстық істер сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қосымша ақпарат тергеудің мүддесіне сәйкес Қылмыстық Кодекстің 201-бабына сәйкес біз толыққанды жария ете алмаймыз.


Денсаулық пара

Хабарламаларға жазылу