БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы парамен ұсталды

30.10.2020

Ірі көлемде пара алған БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов пен оның сыбайласы қамауға алынды. Лауазым иелері мемлекеттік сатып алу аясында 78 млн теңгенің медициналық жабдықтарын жеткізген ЖШС директорынан 7 млн 800 мың теңге пара алған. Содан соң атқарылған жұмыс және жабдықтарды қабылдап алу актілеріне қол қойған. 

Данияр Биғайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі:
Мемлекеттік мекеменің басшысы және оның сыбайласы ҚР Қылмыстық процесстік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласының Полиция басқармасына уақытша ұстау абақтысына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне жария етуге жатпайды. 

Таразда індетпен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген күдікпен Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары да тергеліп жатыр. Олар медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алған. Мемлекетке 8 миллион 730 мың теңге көлемінде шығын келген.

Рауан Диәли

пара жемқорлық БҚО Орал

Хабарламаларға жазылу