Талдықорғанда «Кемел ағаның аманаты» кітабы жарыққа шықты
Талдықорғанда «Кемел ағаның аманаты» атты кітап оқырманға жол тартты. Бұл кітап қазақ әдебиетіндегі детектив жанрының негізін қалаушы, жазушы, драматург, соғыс ардагері Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертеді. Қаламгердің кейінгі ұрпаққа аманаттаған ой иірімдері, жазушының ата-бабалары туралы тың деректер мен танымал тұлғалардың Кемел Тоқаев туралы жазған пікірлері топтастырылған.
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы Кемел Тоқаевты «детектив жанрының атасы» десе, халық қаһарманы Қасым Қайсенов жазушы «көркем сөздің шебері» атаған. Кемелтанушы, кітап авторы Бақытқали Сағымқожаұлы қаламгердің жан-жақтылығын, өмірінің қиын сәттерін және бауырмал болғанын жеткізуге тырысқан.
Бақытқали Сағымқожаұлы, кітап авторы:
Бауыр деген қазаққа ғана тән нәрсе. Сондықтан да біз осы тірі кезімізде бір-бірімізді бауырым деп атайық, бауырым деп бір-бірімізге сый құрмет жасайық деп ол кісі мен есімді білгеннен бастап, үлкенге де, кішіге де бауырым деп сөйлейтін.
Балалар үйінде тәрбиеленіп, сұрапыл соғыстан аман оралған Кемел Тоқаев еңбек жолын тілші болып бастаған. Дәл осы деректерді қалың оқырманның бірі білсе, бірі біле бермейді. Жазушының шығармашылығын өскелең ұрпаққа терең насихаттау мақсатында Алматы облысында ұстаздар мен оқушыларды қамтитын олимпиада өткізу жоспарланып отыр.
Гүлжихан Иманхатова, «Жетісу дарыны» орталығы директорының орынбасары:
Оқушылармен «Мен таныған жазушы» атты эссе жазу байқауының өткізсек пе деген ойдамыз. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері Кемел Тоқаевтың өмірін, еңбектерін, қызметін зерттей отырып, соның аясында өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынатын болады.
Кітап авторы Кемел Тоқаевтың шығармашылығы әлі де зерттелу керек екенін айтады. Сондықтан алдағы уақытта қаламгердің жарыққа шықпаған туындыларын, жазушы туралы тың деректерді қамтитын тағы бір кітап жазуды жоспарлауда.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурыз - жаңару мен жаңғырудың бастауы
23.03.2026, 21:36
Қазақстанда бұлақтарды тазалауға арналған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы басталды
23.03.2026, 13:47
Наурыз: Ұлттық құндылықтар қалай дәріптеліп жатыр?
22.03.2026, 20:34
Каспий теңізінің тартылуы ел экономикасына қалай әсер етеді?
22.03.2026, 20:10
Таяу Шығыстағы қақтығыс: Сарапшылардың пікірі қандай?
22.03.2026, 20:10
Жаңа Ата заң: Қандай заңдарға өзгеріс енгізіледі?
22.03.2026, 20:05
Президент: Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолға алған жөн
22.03.2026, 20:04
Наурыз мейрамы: Мемлекет басшысы Түркістанға жұмыс сапарымен барды
22.03.2026, 20:02