Қарағандыда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі талқыланды

20.10.2021

Қарағандыда «Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Қатысушылар теміржолда енгізілетін және адамдардың өмірі мен денсаулығына, малға, тасымалданатын жүктердің, инфрақұрылым нысандарының сақталуына қатысты ақпаратқа қанықты.

Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін төмендететін фактілерді азайту жайын талқылады. Оған түрлі ведомства өкілдері, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизорлар, саланың ардагерлері және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде осы жылдың 9 айында қозғалыс қауіпсіздігін бұзу 23%-ға төмендеген. Нәтижелі құралдардың бірі - ревизорлық жұмыс. Ревизорлық аппарат қызметкерлері бұзушылық жағдайларын болдырмау үшін жылжымалы құрамды пайдалануды тоқтата тұру және жолдың жоғарғы құрылысының жарамсыздығынан пойыздар қозғалысын жабу жөнінде шаралар қабылдайды.

Қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірген жолдан шығып кетуден кейін балқыманың бір партиясынан дайындалған бүйірлік рамаларды пайдалану тиімді әсер етті.

Марат Шәкенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі директоры:

Бізде көпфунционалды диагностикалық комплекс деген вагондар бар. Олар жолдардың алдын ала қай жерде ақау болатынын көрсетіп, Қазақстан бойынша барлық өңірде айына екі рет 15 күнде жүріп отырады. Соның параметрлерін қарап, тексеріп, қадағалап алдын алу шарасын қараймыз.

Қадыл Таласбеков, теміржол саласының ардагері:

Теміржол маңын қоршау жөнінде бағдарлама бар. Шыны керек, әзірге бұл істі толықтай аяқтап тастауға уақыт жетіспей жатыр. Жүрдек пойыздардың қауіпсіздігі үшін бұл - өте маңызды. Осы орайда жол жиегінде отырған тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын жүйелі жүргізу керек. Олар қорасындағы малының жолға шығып кетпеуін қамтамасыз етуі керек. Дәл осы жұмыста ішкі істер қызметкерлері белсенді қызмет атқаруы тиіс.


Хабарламаларға жазылу