Тұңғыш тарихи мультхикая көрерменге жол тартты (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш тарихи мультхикая көрерменге жол тартты (ВИДЕО)

15.01.2014
Тұңғыш тарихи мультхикая көрерменге жол тартты (ВИДЕО)

Қазақтың һас батырларын  бүгінгі ұрпақ енді мультфильм арқылы да танитын болды. Қазақ тілінде түсірілген  тұңғыш тарихи-анимациялық мультхикаяның алғашқы сериясы  көрерменге жол тартты.

 
Туынды «Батырлар» деп аталады. Онда  ұлтының тұтастығы мен жерінің бүтіндігі үшін қан төккен ерлердің ерлігі суреттелген. Хикаяның басты кейіпкерлері - Наурызбай, Қабанбай, Бөгенбай батырлар.
 
Оқиға желісі жоңғар шапқыншылығының негізінде өрбиді. Фильм форматының жаңашылдығы, басты ерекшелігі – батырлардың қимыл-қозғалысы  оптикалық жүйе арқылы жасалған. Бұл - отандық анимация саласында бұрын-соңды қолданылмаған тәсіл.
 
Мультхикаяның «Наурызбай батыр» деп аталатын алғашқы сериясы  10 минутқа созылады және онда 14 анимациялық кейіпкер бар. Олардың тарихи шынайы бейнесі  сол қалпында көрсетілген. Отандық туынды  «Балапан» телеарнасынан көрсетіле бастады.
 
Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу