Елордада полиция бөлімінің басшысы қарамағындағыларға қол жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада полиция бөлімінің басшысы қарамағындағыларға қол жұмсады

20.10.2021

Нұр-Сұлтан әуежайында желілік полиция бөлімінің басшысы қарамағындағы қызметкерге қол жұмсады деген видео тарады. Мақсат Әбікеннің қол астындағыларды қатарға тұрғызып, сес көрсеткен сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео жарияланған дереккөзде бөлім басшысының үнемі қызметкерлердің намысына тиіп, жұмыстан шығарамын деп қорқытатыны жазылған. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу