Перудің экс-президенті өзіне қол жұмсады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Перудің экс-президенті өзіне қол жұмсады

18.04.2019

69 жастағы Алан Гарсия үйіне полицейлер тұтқындауға келгенде есікті іштен жауып алып, өз басына оқ атқан. Ал, госпитальде оның жүрегі үш рет тоқтады. Медиктер бригадасы қанша күрескенімен, экс-президентті құтқара алмады.

Гарсия екінші мерзімге 2006 жылы сайланып, Перуді 2011 жылға дейін басқарды. Тергеушілердің мәлімдеуінше, мемлекет басшысы осы уақыт аралығында Бразилияның «Одебрехт» құрылыс компаниясынан ел астанасы Лимада метро салуға байланысты пара алған. Гарсия бұл айыпты мойындамады. Дегенмен, аталған компания өкілдері 2004 жылдан бері перулік жоғары лауазымды шенеуніктерге 30 миллион доллардан астам пара бергендерін растап отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу